top of page

Чтобы записаться на прием,

позвоните: +7 (777) 778 33 33

Академик РК Ли Е. Х.:+7 (777) 572 22 59

или оставьте свой запрос на сайте

Аяпбергенова Роза Қызылорда

  • Аяпбергенова Роза Қызылорда
  • 20 нояб. 2015 г.
  • 1 мин. чтения

Менің аты - жөнім Аяпбергенова Роза Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қаукей елді мекенінде тұрамын. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Кезекті жылдық медициналық тексеру кезінде бауырда, өкпеде дақ бар екені анықталды. Ары қарай Ақтөбе қаласында томография ға түсіріп, бауырдағы дақтың эхинаккоктың кистасы екені анықталды. Өкпедегі кистаны операция жасап алдырган соң, бауырдағы 3 кистаны да алдыру керек деген дәрігердің айтуы мені қатты қорытты. Келесі жылы тағы да УЗИ ға түскенде кистаның өсіп көбейгендігі байқалды. Жағдайым нашарлап, демім тарылып, ешнәрсеге қулқым болмай, күннен- күнге приступ ұстай берді. Қайынсіңілім интернеттен осындай ауруды операциясыз емдейтін бір врачты тапқанын айтып маған хабарлады. Өзім ауылдық жерде тұрғандыктан, Талдықорған қаласында тұратын сіңіліме хабарласып, сол дәрігерді маған тауып беруін сұрадым. Сіңілім тез арада хабарласып дәрігердің Ли Евгений Хынчанович екенін, қай күні, қашан қабылдайтынын айтты. Мен белгілеген күні ауылдан поездбен Алматыга келдім. Сіңілім де Талдықорғаннан келді. Дәрігер бізді жылы шыраймен қарсы алып, барлық УЗИ диң қағаздарын қарап, 7 айлық емдеу курсын белгілеп, дәрілерін берді. Қандай тамақтарды жеуге болады, немесе болмайтынын түсіндіріп берді. Құдайға шүкір міне 7 ай дәріні қабылдап болдым. Өзімді өте жақсы сезінемін. Дәрігер Ли Евгений Хынчановичке айтар алғысым шексіз. Жанұясына, баласы Анатолийге, оның отбасына мың рахмет. Дендері сау, еңбектері жемісті болсын. Мен сияқты жандары ауырған адамдарға сөзі де, емі де шипа болсын!

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Каукей ауылы. 87755285955 87243837082

ความคิดเห็น


Отзывы / Reviews
Предыдущие посты
Архив
bottom of page